Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуымен оқытудың жаңа перспективалы формалары - вебинарлар , видео сабақтар, тренажерлер пайда болады. Интернет желісіне жүктелген бейне сабақ барған сайын тиімді түрге айналуда. Қашықтықтан оқыту кезеңінде біздің мектептің педагогтары АКТ-ны белсенді пайдаланды, оның ішінде біздің Youtube-каналымызда танысуға болатын бейне форматтағы сабақтарды әзірлеумен айналысты.