Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі" КММ. Мекен-жайы: Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы Силантьевка ауылы Омар Шипин көшесі 1 А, 110110, телефон 8 (714) 45-21-1-37, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ;
2024-2025 оқу жылына арналған бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
1.БӨП тәрбиешісі (мемлекеттік тілде оқыту)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.10.2024-13.11.2024
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)алдыңғы жұмыс орнынан (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) ұсыным хат
11) кәсіби жетістіктер көрсеткіштері
12) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең төменгі рұқсаты – 720 x 480 өтілі жоқ бейнепрезентация.
Лауазымдық міндеттері. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, тәрбиешінің денсаулығын сақтау функциясын орындайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар іс-әрекетіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, Еңбек және т.б.) басшылық етеді.
Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады. Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды. Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие-білім беру қызметін жобалайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды және әдетте дамушы балаларды мектепке қабылдау кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір балаға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді.
Озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерделеу негізінде тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларын енгізеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, санитария негіздерін айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және гигиена, жас психологиясы мен педагогикасы, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша Әдістемелік құжаттар, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, санитарлық қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерін айқындай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, бұдан басқа: мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын диагностикалау құралдарын меңгеруі, пәндік-дамытушы ортаны құруға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, бұдан басқа: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзіндік өзіндік әдістемелері болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктіліктің бірінші деңгейіндегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық кәсіптік педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын диагностикалау элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушы ортаны құруға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
бірінші санаттағы біліктілігі орта деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс, бұдан басқа: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелері мен инновациялық технологияларын қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.