ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Силантьевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
с. Силантьевка, ул. Шипина, 1а
8 (71445) 21-1-37
silantyevka@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Силантьевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Ұлттық біліктілік тестілеу – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіптік құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған рәсім білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым әзірлеген тестілер бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуі екі блоктан, барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: "оқу пәнінің мазмұны" бірінші блогы білім беру саласындағы, екінші блок "Педагогика, оқыту әдістемесі" 30 тапсырмадан тұрады.

"Оқу пәнінің мазмұны" бойынша тест тапсырмалары тереңдетілген академиялық білімді, сондай-ақ практикалық дағдылар мен қабілеттерді тексеруге бағытталатын болады. Ол үшін 3 формадағы тапсырмалар қолданылады:         

1) бір дұрыс жауапты таңдау,         

2) бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау арқылы,         

3) бір дұрыс жауапты таңдаумен контекстік тапсырмалар.

Тапсырмалардың нысандары мен мазмұнының әртүрлілігі оқу материалын болжау және есте сақтау сәтін болдырмауға мүмкіндік береді, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ұлттық біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін - екі жүз қырық минутты құрайды.

ҒТТ тапсыру кезіндегі педагогтардың мінез-құлқы туралы Нұсқаулық.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген аттестаттауды өткізу ережесінен үзінді көшірме. 2020.04.07 № 132 өзгерістермен.

 Нұсқаманы өткізу күні: 24.11.2020.    өткізді: Именалинова Д. И

Осы Қағидалардың 19-тармағы бұзылған кезде заттарды табу және аудиторияда мінез-құлық қағидаларын бұзған педагогты аудиториядан шығару актісі және (немесе) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тестілеуде бөгде адамды анықтау актісі жасалады.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ бейнежазбаны қарау кезінде анықталған кезде тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалады және нәтижелердің күші жойылады.
Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруға, материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.
Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша аудиожазба жүргізіледі.   

 

© 2024. Все права защищены.