ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Силантьевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
с. Силантьевка, ул. Шипина, 1а
8 (71445) 21-1-37
silantyevka@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Силантьевская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Биыл бірінші сыныпқа түсу үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес

 «9. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

 9-2. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.»

 

Өтінішті 1 сәуірден 1 тамызға дейін порталда беруге болады https://egov.kz/

Қажетті құжаттар тізімі.

Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:

Ата-анасының біреуінің немесе баланың заңды өкілінің ЭЦҚ(электрондық-цифрлық қолтаңбасы) болуы.
баланың туу туралы куәлігінің сканер-көшірмесі (егер ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған болса).
№ 065-у нысанындағы" профилактикалық егулер картасы " анықтамасының сканер-көшірмесі
№052-2/у нысанындағы "бала денсаулығының паспорты" сканер-көшірмесі;
баланың сандық фотосуреті 3х4 см.
педагогикалық-медициналық-психологиялық Комиссия қорытындысының сканер-көшірмесі (бар болса).
Шетелдік азаматтар үшін: баланың ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері біздің елде уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетел азаматтары Мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы құжатты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгімен бірге ұсынуға тиіс.

EGov арқылы өтініш беру үшін бейне нұсқауларды орындаңыз немесе https://egov.kz/cms/ru/services/secondary_school/pass_mp_203

 

© 2025. Все права защищены.